Өткен аптада Жамбыл облыстық қазақ драма театры У. Шекспирдің «Отелло» пьесасын сахнаға шығарды. Әрине, осыдан төрт ғасыр бұрын жазылса да әлі күнге әлемдік сахналардың төрінен түспей келе жатқан бұл классикалық шығарманы таңдау, сахналау, трагедияның түйінін жеткізе білу оңайға түспегені анық. Оған да үлкен жүрек, күш-жігер қажет. Бәлкім, бұл әйгілі шығарманы мақтаныш, атақ-даңқын аспандату, бақай есеп үшін сахнаға сүйреп шығаруға болатын шығар. Бірақ, көрермен көңілінен шықпасаң, «Отеллоның» өзіңе оқ болып атылатыны тағы анық. Жамбыл облыстық драма театры бұл трагедияны осыдан қырық жыл бұрын сахналап, сол кездерде «Отелло» осы өнер шаңырағының төлқұжатына, басты қойылымына айналып кеткен екен. Міне, енді 80 жылдық тарихы бар театр классикалық шығарманы тағы да сахналауға тәуекел етті.
«Негізі әр қойылымның айтар ойы болуы керек қой. Бұл пьесаның өн бойынан сатқындық, жеккөру, қызғаншақтық лебі есіп тұрады. Қызғаншақтық қоғамды ірітеді, ел мен елді жауластырады. Ал, біз ондай лас нәрселерден биік тұруымыз керек. Яғни, «Отеллоның» айтар ойы әлі күнге маңызды» дейді қоюшы режиссер Асыл Құдайбергенов.
Екі сағаттай уақытқа созылған қойылымды жамбылдық көрермендер жылы қабылдады. Шынында сөзге еру, қызғаншақтық, көре алмаушылық, ашуды ақылға жеңдіре алмау, бәрі-бәрі сахна төрінде көрініс тауып жатты. Бір кездері орыс ақыны А. Пушкиннің «Отеллоның басты трагедиясы қызғаншақтығында емес, тым сенгіштігінде» дегеніне көзің жетеді. Әсіресе, басты рөлді сомдаған Мәлік Ақүрпековтің актерлық шеберлігіне ел қатты риза болды. «Отеллоның рөлін сомдау әрбір актердың басты арманы десем, қателеспейтін шығармын. О баста осы рөл менің еншіме тигенде қатты қуандым. Бірақ, кейін дайындық барысында мұның үлкен жауапкершілік, өте қиын рөл екеніне көзім жетіп, үдеден шыға алам ба деген ойдан қатты қорықтым. Бұл қойылымда мен өзімнің қиялымдағы Отеллоны сомдадым. Көрермен жақсы қабылдаған сияқты. Әйтсе де бұл толдым-болдым деген сөз емес. Мен үшін Отеллоның ашылмаған қырлары әлі де көп», дейді бізбен әңгімесінде актер Мәлік Ақүрпеков.
Бұл күні Дездемонаның рөлінде жас актриса П.Рыспанбетова, ал Ягоны М.Қожалиев ойнады. Жас актерлардың өнеріне қарап отырып бұл театрдың өзіндік мектебі, жүріп өткен жолы, үні бар екенін аңғарасыз. «Біздің театр классикаға баса назар аударуда. Ендігі таңдауымыз – қазақ классикасы «Еңлік-Кебек» болып отыр. Қазақ театры өз жолын осы шығармадан бастаған емес пе? Бұл екі классиканы да қазіргі ұрпақ көруі, білуі керек. Тарих үшін. Бір кездері театрда орта буын үзіліп қалып еді. Қазір бәрі реттелді», дейді Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады
Елорда • Бүгін, 14:49
Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды
Қазақстан • Бүгін, 14:44
Жұмыссыздық бойынша төлем мерзімі 4 айға дейін қысқарады
Бюджет • Бүгін, 14:33
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсті
Президент • Бүгін, 14:21
Қарағандыдағы сәби өлімі: Инфекциялық орталықта тексеру басталды
Медицина • Бүгін, 13:48
Алматыда Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
Тұлға • Бүгін, 13:30
Балқаш пен Курчатовтан бөлек тағы бір өңірде АЭС салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 13:26
Ирандағы қақтығыс салдары: Әлемдік шығын 50 млрд доллардан асты
Экономика • Бүгін, 13:18
Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады
Әлем • Бүгін, 13:08
Белгілі режиссер Жұлдызбек Жұманбай мәдениет қайраткері атанды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
40 жыл еңбек өтілі бар азаматтар зейнетке ерте шыға ма?
Бюджет • Бүгін, 12:49
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:40
Қазақстан мен Солтүстік Македония Іскерлік кеңес құрды
Қазақстан • Бүгін, 12:29